Сот шешімі жарияланғаннан кейін, үкіммен келіспеген сотталғандардың туыстары қоғамдық тәртіпті бұзуға тырысты.
Шерзат Полат ісі:  сотталғандардың туысы балағат сөз айтып, агрессия танытқаны үшін жауапқа тартылды
Фото: Жоғарғы сот
1,279
оқылды

Талдықорғанда «Шерзат Полат ісі» бойынша сот үкімі жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сот шешімі жарияланғаннан кейін, үкіммен келіспеген сотталғандардың туыстары қоғамдық тәртіпті бұзуға тырысты.

Жетісу облысы Полиция департаменті әйел адам балағат сөздер айтып, агрессия танытқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.

Полиция сот отырысы өткен зал мен оның айналасында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті толық қамтамасыз етті.

«Полиция департаменті құқық үстемдігіне ешқандай қысымға жол берілмейтінін ескертеді. Сот шешімдерінің орындалуына кедергі келтіру, сотқа құрметсіздік таныту немесе жағдайды тұрақсыздандыру әрекеттері заң шеңберінде қатаң түрде тоқтатылатын болады. Жазаның бұлтартпау қағидаты — құқықтық мемлекеттің берік негізі», - делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.