Олар тінту шаралары кезінде полиция қызметкеріне күш қолданған.
Атырауда видеоблогер кәсіпкерден қомақты ақша бопсалаған
Фото: polisia.kz
535
оқылды

Атырауда 33 жастағы видеоблогер мен 39 жастағы қала тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Polisia.kz мәліметінше, олар жеке кәсіпкерден 2 миллион теңге қорқытып алды деген күдікке ілінді. Сондай-ақ тінту шаралары кезінде полиция қызметкеріне күш қолданған.

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты қорқытып алу және билік өкіліне күш көрсету әрекеттері бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.