Бүгін Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі қылмыстық іс бойынша сот үкім шығарды.
Шерзат ісі бойынша куәгерлер Дана Жақсыгелді мен Эльмира Нұрбекованың кінәсі бар-жоғы қосымша қарастырылады
2,069
оқылды

Құқық қорғау органдары Шерзат ісі бойынша қорғалуға құқығы бар куәгер деп танылған Дана Жақсыгелді мен Эльмира Нұрбекованың кінәсі бар-жоғын қосымша қарастырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сот куәлар Д.А.Жақсыгелді, Э.К.Нұрбекова, А.М.Казакенов, Ю.Д.Рузбакиевтің әрекеттерінде болуы мүмкін қылмыс құрамына прокурордың назарын аудару туралы жекеше қаулы шығарды.

Олардың кінәсінің дәрежесін құқық қорғау органдар анықтау қажет, – деп үкім шығарды судья.

Шерзат Полатты өлтірген Шынасыл 23 жылға, қалғаны 7 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ сотталушылар Шерзат Полаттың  отбасына 120 миллион теңге төлеуге міндеттелді.