Үндістанның солтүстік-шығысында тоқтаусыз жаңбыр жауып, соңы тасқынға ұласты.
Үндістанда су тасқынынан 44 адам көз жұмды
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
294
оқылды

Салдарынан 44 адам опат болды. Тағы бірнешеуі із-түзсіз кеткен. Табиғат апатынан әсіресе Ассам, Манипур, Аруначал-Прадеш штаттары қатты зардап шекті. Жергілікті биліктің мәліметінше, 10 мыңнан астам үйге зақым келген. Мектептер уақытша жабылып, жол және теміржол қозғалысы қиындады. Табиғат апаты тіркелген аймақтарда жарты миллионға жуық адам қоныстанған. Қазір оларды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жалғасып жатыр. Синоптиктер алдағы бірнеше күн қолайсыз ауа райы жалғасады деген болжам жасады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.