Алдағы күндері найзағай ойнап, жекелеген аудандарда қатты жаңбыр мен бұршақ жауады деп күтілуде.
Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райына қатысты ескерту жариялады
Фото: istockphoto
5,947
оқылды

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша еліміздің басым бөлігінде қатты ыстық, найзағай, бұршақ және шаңды дауыл сияқты қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстар күтілуде, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Сонымен қатар, өңірлердің басым көпшілігінде жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі. ТЖМ тұрғындардан дауыл туралы ескертулерді қадағалап, қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрады.

Сондай-ақ, синоптиктер циклондар мен олармен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер ел аумағы арқылы тынымсыз ауысады деген болжам айтты.

Алдағы күндері солтүстік-батыстан кезекті циклон келіп, найзағай болады, еліміздің батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда бұршақ жауады деп күтілуде. Егер республиканың солтүстік жартысында күндізгі уақытта негізгі температуралық фон 20-28 градус жылу шегінде сақталса, оңтүстік жартысында жылудың біртіндеп төмендеуі күтіледі, ал 7 маусым күні түстен кейін термометрлердің бағандары 27-35 градус болады екен.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.