Мемлекеттік рәміздер күніне орай Астанадағы «AMANAT» партиясы Орталық аппараты ғимаратының қасбетіне көлемі 24х12 метрді құрайтын мемлекеттік алып Ту ілінді.
Бірлік нышаны – биікте
2,585
оқылды

Партия белсенділерінің бастамасымен жүзеге асырылған «Ме­нің елім – менің Туым» акциясы ұлттық құндылықтарды ұлық­таудың жарқын үлгісіне айналды.

Ұйымдас­тыру­шылардың айтуынша, аспан түстес көк байрақ бостандықты, бей­бітшілік пен бірлікті бейнелейді. Сондай-ақ ол азамат­тардың жүрегінде мақтаныш сезімін оятып, патриотизмге үндейді.

Айта кетейік, «AMANAT» партиясы төрт жыл қатарынан «Ме­нің елім – менің Туым» республикалық акциясын өт­кізу­де. Соның аясында ел аумағында мыңдаған Ту ілінуде.