Қазақстанда ең маңызды мерекелердің бірі – тәуелсіздікті, дербестікті және ортақ ұлттық бірегейлікті бейнелейтін Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілуде. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран тек рәміздер емес, бұл елдігіміздің, оның асқақ рухының, тарлан тарихының жарқын көрінісі.
5 мыңнан астам ту ілінді
2,193
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жал­пыұлттық бірлікті нығайтудағы мемлекеттік рәміздердің ерек­ше рөлін әркез айтып келеді. Се­бебі олар біздің басты құн­ды­лықтарымыз бен мәңгілік мұратымызды айғақтайды, аза­маттардың елге деген шы­найы мақтаныш сезімін оя­тады.

Мерекеге орай «AMANAT» пар­тиясының «Жастар Рухы» жас­тар қанатының бастамасы­мен ауқымды акция өтті: ел ау­мағында 5 мыңнан астам Ту ілінді, ал іс-шараларға ондаған мың отандасымыз қатысты. Кө­шелерде, үй ауласында және тіп­ті аттракциондарда Ту ілін­ген мыңдаған фотосурет пен бей­нежазба әлеуметтік же­лі­лерде жарияланды. Астанадағы «AMANAT» партиясы Орта­лық аппаратының ғимара­тын­да көлемі  24х12 метрді құ­рай­тын мемлекеттік Ту ілінді. Ал Ақтауда белсенділер қалалық сая­бақтағы шолу дөңгелегіне 20 Ту іліп қойды. Барлық ай­мақ­­та партия филиалдары во­­лонтерлердің және жергілік­ті тұрғындардың күш-жігерін бі­­ріктіріп, бұл күнді нағыз жал­­­пыхалықтық күнге айнал­дырды.

«Жастар Рухы» жастар қа­на­тының төрағасы Ақерке Ис­­­­кандерова «Менің елім – менің Туым» акциясы төртінші жыл өт­кізіліп жатқанын және бұл іс-шара Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сының мемлекеттік Туын дә­ріптеуге бағытталғанын атап өтті.

«Аспан түстес көк байрақ көк­те желбірегенде әрқай­сы­мыз­дың жүрегімізде мақтаныш се­зімі оянады. Бұл акция – бір­лікке, елге деген құрметке үн­дейді. Тудағы әр элементтің өзін­дік мәні бар. Көк аспан, жа­рық күн, қалықтаған бүркіт әркез халық арасында зор құр­метке ие. Көп азамат Туды бал­конға іледі, әлеуметтік же­лілерде фотосуреттерімен бө­ліседі. Бұл Отанға деген шы­найы сүйіспеншілікті білдіру­дің бір жолы», – деді ол.

Патриоттық акцияға та­ны­мал тұлғалар – әртістер, спорт­шы­лар, қоғам қайраткерлері де қо­сылды. Олардың қатарында ән­ші Ибрагим Ескендір, Jai­dar­man қозғалысының негізін қа­лаушы Есен Елеукен, теле­жүр­гізуші Айкерім Есенәлі, фут­болшы Давид Лория, хок­кейші Әлихан Әсетов, блогер Ай­тым Жақыпов, журналист Санди Сұлтан, тележүргізуші Да­рын Олжабай, сценарист Ұл­жан Ибраим, психолог Ер­жан Мырзабаев, кәсіпкер Ер­нар Оклан, қара күш иесі Сер­­гей Цырульников және өз­ге де азаматтар болды.

«AMANAT» партиясы мем­­­лекеттік рәміздерді құр­мет­теу қа­рапайым әре­кет­тер­ден бас­талатынына сенімді. Ту ілу бойын­ша ауқымды акция – бел­сенді азаматтық ұстанымды және елге деген сүйіспеншілікті қа­лыптастыру қадамдарының бірі. Мемлекеттік рәміздер кү­ні – күнтізбедегі атаулы күн ға­на емес. Бұл – Қазақстанның жар­қын болашағына деген ор­тақ жауапкершілігімізді және көк байрақ астында бойға біте­тін күш-жігерімізді, бірлі­гімізді еске салады.