Оқиғаның себебі анықталып жатыр.
Ақтөбе облысында жарылыс болып, бір адам қаза тапты
Фото: Ақтөбе облысы ТЖД
825
оқылды

Ақтөбе облысында тұрғын үйде жарылыс болып, бір адам көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«Бүгін Актөбе облысының ТЖД-ның 112 пультіне Абай даңғылы бойында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің 4-қабатында газ-ауа қоспасының жарылысы болып, соның салдарынан өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті», – делінген Ақтөбе облысы ТЖД хабарламасында.

Оқиға орнына дереу жеткен облыстық ТЖД құтқарушыларының анықтауынша, жарылыс салдарынан шамамен 40 шаршы метр аумақта ашық жалын тұтанған. Сондай-ақ, 3 пен 4-қабат арасындағы аралық құрылымдардың ішінара құлағаны тіркелді.

Өрт толығымен сөндірілді. Өрт сөндірушілердің күшімен 73 адам эвакуацияланып, 1 адам құтқарылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, бір адам қаза тапты.

Оқиға орнында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жұмыс жүргізіп жатыр. Апаттық-құтқару жұмыстары мен үйінділерді талдау жалғасып жатыр. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.