Шымкентте ішіп алып такси көлігін қиратқан әйел қамауға алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Спирттік ішімдікке сылқия тойған сылқымның көлікті қолындағы таспен қиратып жатқаны осыған дейін әлеуметтік желіні шулатқан еді.
Құрбысымен бірге такси шақырған ол салон ішін бүлдіріп, жүргізушінің құсықты тазалауды талап еткені шамына тиген көрінеді.
Такси тізгіндеген азаматтың бетін тырнап алған ол автокөліктің мониторын да сындырыпты. Жүргізуші полиция шақыруға кеткенде даладан тас алып, машинаның терезелерін шаққан.
Әйелге қатысты «Біреудің мүлкін талқандау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.