Астанада 10 мыңнан астам бала бір мезетте мемлекеттік Әнұранды шырқады.
10 000-нан астам бала бір мезетте мемлекеттік Әнұранды орындады
Фото: gov.kz
1,518
оқылды

Мемлекеттік рәміздер күніне орай, Астанадағы жалпы білім беретін мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарының жазғы лагерьлерінде ауқымды патриоттық іс-шара ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қаланың 92 мектебі мен 13 қосымша білім беру орталығының қатысуымен өткен бұл іс-шара аясында 10 000-нан астам бала бір мезетте мемлекеттік Әнұранды орындады.
Мұндағы мақсат – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Әнұран шырқау рәсімі балалардың өз Отанына деген мақтаныш сезімін оятып, біріктіруші рух берді. Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақты азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.

Айта кетейік, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні, бұл мереке 2007 жылдан бері ресми түрде аталып өтеді. Бұл күн – Елтаңба, Ту мен Әнұран секілді тәуелсіздігіміздің нышандарын құрметтеудің жарқын көрінісі.