Шерзат ісі бойынша бүгінгі кезекті сот отырысында сотталушылар соңғы сөздерін айтты.
Шерзат ісі бойынша сот шешімі шығатын күн белгілі болды
1,077
оқылды

Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі қылмыстық іс бойынша сот үкімі қашан шығатыны белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

3 маусымда Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті.

Күннің бірінші жартысындағы сот жарыссөзінде адвокаттар мен сотталушылардың өкілдері сөз сөйледі. Сотталушылар да соңғы сөздерін айтты.

Сот үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетті.

Келесі сот отырысы 5 маусымға сағат 16.00-ге белгіленді (сот үкімін жариялау үшін).

Айта кетейік, Шерзат ісі бойынша бүгінгі кезекті сот отырысында сотталушылар соңғы сөздерін айтты.

Айыпталушы Шыңғыс Белғожаев жәбірленуші тараптың 660 млн теңге талап етіп отырғанына қарсылық білдірді.

Жарыссөзде сотталушы Абзал Шынасыл сотқа арналған сөзін сөйлеп, жәбірленуші тараптан кешірім сұрайтынын айтты.