Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы Экономика, цифрландыру және инновацияларды дамыту мәселелері жөніндегі Республикалық кеңестің отырысында белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алдағы 5-10 жылда жалдамалы жұмыс күшіне сұраныс көбейеді
2,327
оқылды

Бүгін кеңес төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева бастамасымен үш министрлік қатысып, елдегі жұмыс орнының экономикасы талқыланды.

– Меніңше, бүгінгі тақырып, өзінше қызық. Жұмыс орынның экономикасын талдау – ең әуелі көпжылдық тәжірибенің арқасы, екіншіден, сандық дағдылардың бір жүйеге бірігуінен оның алатын жалақысы, берілетін жәрдемақысы секілді көрсеткіштер арқылы бүгінде жұмыс істейтін адамның мәртебесін, оның бейнесін анықтап қана қоймай, жұмыс орынның экономикасын талданатын халге жеттік. Оған қызметкердің кепілдігі, әл-ауқаты, жұмыс барысында туындайтын дау, еңбек нарығын болжау деген мәселелер қаралады.

Сонымен қатар егер қызметкер жұмыс таба алмаса, бұл да әлеуметтік қамтамасыздандыру бойынша жұмыс орынның экономикасына жатады. Әрине, жұмыссыз адам мемлекеттен әлеуметтік жәрдемақысын алады. Десе де, оған қандай әлеуметтік көмектің берілетіні, мемлекеттен не болмаса жұмыс берушінің міндетіне кіретіні-кірмейтіні тексеріледі. Тағы бір маңызды нәрсе, әр жұмыстың орындауына байланысты белгілі бір KPI белгіленген. Осы көрсеткіштің өзі жұмыс орны жайында көп нәрсеге көз жеткізеді. Мәселен, жұмыс орны ашылғаны, қанша қызметкердің алынғаны және бөлінген ақшасына дейін айдан-анық көрінеді, – дейді Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және ҚР Ұлттық экономика министрлігі жұмыс орны мен жұмыссыздыққа байланысты өз есептерін берді. Еліміздегі мемлекеттік қолдауымен басталған индустриалды-инновациялық жобалардың қайсысында және не себепті жұмыс орнына байланысты  KPI дың орындалмағаны қаралды.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрі Асқарбек Ертаевтың айтуынша, алдағы уақытта жалдамалы жұмыс күшіне сұраныс өсе түспек.

– Цифрлық экономиканың технологиялық трансформациядан өтуіне байланысты бүгінгі еңбек нарығындағы жұмыс орнына қатысты біраз өзгеріс сезілуде. Еңбек нарығының қазіргі жағдайы Жұмыспен қамтудың жаңа форматтарын қалыптастыратын және жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыру тәсілін қайта бағалауды талап ететін инновациялық шешім мен цифрлық платформалардың дамуымен сипатталады. Соның нәтижесінде Жұмыспен қамтудың икемді формалары пайда болып, қашықтан жұмыс істеудің түрі  кеңейіп, еңбек қатынастары барған сайын лориативті бола бастады.

Қазір Қазақстанда жұмыс орнын болжауда қысқамерзімді, ортамерзімді және ұзақмерзімді деген үш деңгейлік жүйе қолданылады. Мысалы, қысқамерзімді болжам арқылы жақын жылдары еңбек нарығында қандай мамандыққа сұраныстың артатынын көрсетеді. 2025 жылға еңбек нарығының электронды үлгісіне 1 млн 200 хабарландыру жарияланады деп күтілуде. Өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға көп. Ал ортамерзімді тексеріс алдағы 5-10 жылды болжайды. Оның мәліметінше, жалдамалы жұмыс күшінің сұранысы өсе түседі. Мысалы 2025 жылы 239 мың болса, 2035 жылы 316 мыңға жетеді, – деді ол.