Қазақстанда ұлттық спорт түрлеріне қызығушылық артып келеді.
Елімізде 660 мыңнан астам адам ұлттық спортпен жүйелі түрде айналысады
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
419
оқылды

2024 жылдың қорытындысы бойынша ұлттық спорт түрлерімен тұрақты түрде айналысатын қазақстандықтардың саны 660 мыңнан асты.

Бұл – елімізде дене шынықтыру және спортпен айналысатындардың жалпы санының 9,6%-ын құрайды (2023 жылы – 619,2 мың адам немесе 8,7%). Жаттықтырушылар құрамы 1781 маманды қамтиды, оның ішінде 1004-і ауылдық жерлерде жұмыс істейді.
 
2018–2024 жылдар аралығындағы динамика:
• 2018 – 375 926 адам
• 2019 – 399 357 адам
• 2022 – 432 457 адам
• 2023 – 619 200 адам
• 2024 – 660 000-нан астам адам
 
Ең танымал спорт түрлері:
• қазақша күрес,
• тоғызқұмалақ,
• асық ату,
• көкпар,
• бәйге,
• теңге ілу,
• жамбы ату,
• аударыспақ,
• құсбегілік,
• дәстүрлі садақ ату,
• жекпе-жек және басқа да түрлер.
 
Ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында өңірлерде 15 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен 17 мамандандырылған клуб жұмыс істейді. Қазақстанда жыл сайын ұлттық спорт түрлері бойынша 1000-нан астам жарыс өтеді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.