Денсаулық сақтау министрлігі иммунопрофилактика саласындағы ілгерілеуді және инфекциялық аурулармен сырқаттану айтарлықтай төмендегенін хабарлайды.
Жыл сайын елімізде 4 миллионнан астам адамға екпе салынады
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
226
оқылды

Ұлттық иммундау бағдарламасы шеңберінде жыл сайын елімізде 4 миллионнан астам адам егіледі.

Полиомиелит 1996 жылдан бері, ал дифтерия 2009 жылдан бері тіркелмеген. Соңғы 34 жылдың ішінде эпидемиялық паротитпен сырқаттанушылық 100 есе, А гепатиті – 32 есе, В гепатиті – 92 есе, ал қызамық – 2000 есе төмендеген.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, сіреспе сияқты инфекция бойынша да көрсеткіштер тұрақты түрде төмендеп келеді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.