Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Джорджа Мелонимен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Жиынға екі ел делегациялары қатысты. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Италия стратегиялық серіктес екенін атап өтті. Қос елдің қарым-қатынасы өзара құрметке, сенім мен ортақ мүддеге негізделген.
Кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
170
оқылды

Президент мемлекеттер ара­сын­да тығыз саяси диалог орнап, бе­рік экономикалық ынты­мақ­тас­тық дамып келе жатқанын жет­­кізді. Сонымен қатар мәдени-гу­манитарлық байланыс беки түс­кеніне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қа­зақ­стан – Италияның Орталық Азия­дағы жетекші серіктесі, ал Италия елі­­міздің сауда әріптестерінің үш­­тігіне енетін және ірі инвес­тор­ларының бірі екенін айтты. Елдер ара­сындағы тауар айналымы 24 пайызға артып, өткен жылы 20 мил­лиард долларға жетті.

– Сіздің басшылығыңызбен Ита­лия Үкіметінің Қазақстанмен ара­дағы тығыз қарым-қаты­нас­тар­ды сауда және инвестиция са­­­­­лаларында ғана емес, парла­мен­т­­аралық ықпалдастық бағытында да­мытуға ұмтылысын жоғары ба­ға­лаймыз. Сондай-ақ екіжақты гу­манитарлық ықпалдастыққа да шы­найы ризашылығымызды біл­діре­міз. Сіздің бұл сапарыңыз­дың екі ел арасындағы ынты­мақ­тас­тық­қа тың серпін беру тұрғысынан маңызы зор. Халықаралық аре­на­да Қазақстан мен Италияның бай­ланыстары сенімді әрі стра­те­гиялық серіктес сипатында жал­ға­са береді деп сенемін, – деді Мем­лекет басшысы.

Президент соңғы жиырма жыл­­да Италия Қазақстан эко­но­ми­касына 7,6 миллиард долларға дейін инвестиция құйғанын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанда ENI, SDF Group, PetroValves, Maire Tecnimont және Ballestra секілді ірі инвесторлар бастаған 270-ке жуық италиялық компания та­быс­­ты жұмыс істеп жатқанын жет­кізді.

Өз кезегінде Джорджа Мелони екі ел арасындағы ықпалдастықты жо­ғары бағалап, оның стра­те­гия­лық серіктестік рухына сай келеті­нін айтты.

– Сізді көреген көшбас­шы­лар­дың бірі санаймын. Қазіргі сын-қатерлерді терең түсінетін адаммен әңгімелесу мен үшін өте құнды. Осынау қиын кезеңде жақсы жаңалықтар да бар. Соның бірі – Италия мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас. Біздің байланыстарымыздың деңгейі жоғары. Мұны бұған дейін бірнеше рет атап өттік. Дегенмен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік жеткілікті. Менің сапарымның мақсаты да осы. Сіздің еліңіздің Батыс пен Шығысты байланыстырып жат­қан алтын көпір ретіндегі тарихи мәнін жақсы білеміз, – деді Италия Премьер-министрі.

Келіссөз барысында екіжақты күн тәртібінің негізгі бағыттарын қам­титын көптеген мәселе тал­қы­лан­ды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелони Қазақстан мен Италияның қарым-қаты­на­сын қарқынды дамытуға ықпал ете­тін серіктестікті одан әр жан­дан­дырып, жаңа бастамаларды жү­зеге асыруға мүдделі екендерін растады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ита­лия Министрлер Кеңесінің төр-а­ға­сы Джорджа Мелони келіс­сөз­дер қорытындысы бойынша Ст­­­ра­те­гия­лық серіктестікті ны­ғайту жө­нін­де Бірлескен мәлім­деме қа­был­дады.

Ресми делегация мүшелері мы­надай құжаттармен алмасты:

1. Қазақстан Республикасы Үкі­меті мен Италия Республикасы Үкі­меті арасындағы тұлғалардың реа­дмиссиясы туралы келісім;

2. Қазақстан Республикасы Өнер­кәсіп және құрылыс ми­нистр­лігі мен Италия Кәсіп­орын­дар және «Италияда жасалған» ми­нистрлігі, Қоршаған орта және энер­гетикалық қауіпсіздік ми­нистрлігі арасында аса маңызды қазба байлықтары мен шикізат материалдары саласындағы ын­тымақтастық туралы бірлескен мәлімдеме;

3. «Самұрық-Қазына» АҚ мен Maire Tecnimont арасындағы ын­тымақтастық туралы меморандум;

4. «Самұрық-Қазына» АҚ мен Ansaldo арасындағы ынтымақ­тас­тық туралы келісім;

5. Қазақстан Республикасы Су ре­сурстары және ирригация ми­нистрлігі мен OICE арасында су ресурстарын басқару саласында білім және озық тәжірибе алмасу ар­қылы суға қатысты сын-қа­тер­лерге байланысты практи­ка­лық шешімдерді ілгерілету жө­нін­дегі ынтымақтастық бағдар­­ламасын жүзеге асыру туралы меморандум;

6. Қазақстан Даму банкі, Cassa Depositi e Prestiti S.p.A. және SACE SpA арасындағы бірлескен дек­ларация;

7. «Самұрық-Энерго» АҚ жә­не SACE SpA арасындағы өзара тү­сіністік туралы меморандум;

8. «Kazakh Invest» ҰК» АҚ мен Italian Trade Agency арасындағы ын­тымақтастық туралы мемо­ран­дум.

 

Дайындаған Ә. МҰХАНБЕТ