Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Италия Министрлер кеңесінің төрағасы Джорджа Мелониді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Еуропадағы ірі әріптес
187
оқылды

Қазақстан Президенті мен Ита­лия Премьер-министрі бір-бірі­не ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң, екі ел­дің мемлекеттік әнұрандары шыр­қалды.

Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелони тет-а-­­тет форматында келіссөз жүр­гіз­ді. Мемлекет басшысы Италия Ми­нистрлер кеңесінің төрағасына Қазақстанға ресми сапармен кел­гені үшін алғыс айтты.

– Сіздің бұл сапарыңыз – екі­жақ­ты ынтымақтастығымыз­да­ғы ай­тулы оқиға. Біз өзара бай­ла­ныс­қа, достық пен сенімге құ­рыл­ған қа­рым-қатынасқа айрықша мән бе­реміз. Италия Қазақстанның әлем­дегі сауда серіктестерінің үш­тігі­не кіреді және Еуропадағы ірі әріп­тесіміз. Бұл бекер емес. Екі­жақ­ты ынтымақтастықтың жоғары қар­қынын сақтауымыз қажет. Сіз­дің сапарыңыз қос ел арасындағы көп­қырлы ықпалдастықты дамы­ту­ға тың серпін беретіні сөзсіз, – де­ді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Астана ха­лықаралық форумының арнайы сес­сиясына қатысқаны үшін Ита­лия Премьер-министріне риза­шы­лы­ғын білдірді.

Өз кезегінде Джорджа Мелони бұл са­пардың Қазақстан мен Италия қарым-қатынасын жандандыруға ықпал ете­тінін айтты.

– Еліңізге шақырып, қонақжайлық та­нытқаныңыз және Астана халықара­лық форумында сөз сөйлеуге мүмкіндік жасағаныңыз үшін тағы да алғыс ай­та­мын. Бұл форум диалог үшін маңызды алаң­дардың біріне айналып келеді. Біз Қа­зақстанды Италияның стратегиялық се­ріктесі, ал Орталық Азия өңірін стра­те­гиялық тұрғыдан маңызды тоғыз жол­дың торабы ретінде қарастырамыз. Бізге диа­лог қажет. Мұны Өзіңіз де жақсы тү­сінесіз. Қазақстан – Италияның көп­те­ген сала бойынша маңызды әріптесі. Екі ел арасындағы ынтымақтастық та­быс­ты дамып келеді. Әйтсе де, кеше айт­­­қанымдай, энергетикадан бастап мә­дениетке дейін, университеттердің тә­жірибе алмасуы, халықтар арасын жа­қындату бағыттарында бұдан да жоғары нә­тижеге қол жеткізуге мүмкіндік бар, – деді Италия Премьер-министрі.

Кездесуде сауда-экономикалық жә­не инвестициялық ықпалдастықты кеңейту перспективасы талқыланды. Энер­гетика, аса маңызды материалдар, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, көлік-логистика, сонымен қатар жаңартылатын қуат көздері салаларында байланыс ор­нату мәселелері егжей-тегжейлі қарас­ты­рылды. Бұдан бөлек, өңірлік және ха­лықаралық күн тәртібіне қатысты пі­кір алмасты.