Қазақстан халқы маусым айында қанша күн демалады?

Қазақстан халқы маусым айында қанша күн демалады?
Маусым айында қосымша демалыс күні бар.

Маусым айында Қазақстан халқы Құрбан айт мерекесінің басталуына орай қосымша демалыс күніне ие болады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Биыл Құрбан айт 6 маусымға сәйкес келеді. Осыған орай аптасына бес күн жұмыс істейтіндер  6, 7 және 8 маусым күндері демалады. 

Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер  екі күн демалады: 6 маусым (жұма) – демалыс, 7 маусым (сенбі) – жұмыс күні, 8 маусым (жексенбі) – демалыс.

Маусымда бес күн жұмыс істейтіндерде он күн демалыс, ал алты күн жұмыс істейтіндерде алты күн демалыс бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.