Аталған тұжырымдама заңға бағыну мәдениетін орнықтыруға, құқықтық сананы дамытуға және құқық қорғау органдарына деген сенімді нығайтуға көзделген. Жиын барысында құқықтық қоғам құрудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері таныстырылды. Атап айтсақ, заң үстемдігі, ашықтық пен есептілік, адам құқығын құрметтеу
Айтар болсақ, Ішкі істер министрі Ержан Саденов 2025 жылды — «Профилактика жылы: полиция — Заң мен Тәртіптің қорғаны» деп жариялады. Осы бағыт аясында құқық бұзушылықтардың алдын алу, полиция қызметін цифрландыру, қауіпсіз қоғамдық орта қалыптастыру және азаматтардың құқықтық санасын арттыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Алайда қойылған міндеттерді толыққанды жүзеге асыру үшін ІІМ Қоғамдық кеңесінің отырысында аталған бірқатар басым бағыттарды күшейту қажет.
Атап айтқанда, Ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерекше мән беруде. Заманауи жабдықтар мен алдыңғы қатарлы технологияларға қолжетімділік полицияның қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын-алу бойынша міндеттерін тиімді орындауына мүмкіндік береді.
Ведомстволық білім беру жүйесі де стратегиялық ресурс ретінде қарастырылып отыр. Жастар үшін оның тартымдылығын арттыру, оқу бағдарламаларын заман талаптарына бейімдеу, сондай-ақ сапалы практикалық дайындыққа жағдай жасау — құзыретті әрі ынталы жаңа буын мамандарын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдар.
Полиция мен қоғам арасындағы коммуникацияны дамытуға да ерекше назар аударылуда. БАҚ пен цифрлық платформалардағы белсенділік, ашықтық және диалогқа дайын болу азаматтардың сенімін арттырып, полиция қызметі туралы хабардарлықты күшейтіп, қоғамдық қауіпсіз ортаны қалыптастыруға халықты кеңінен тартуға ықпал етеді.