Зардап шеккендер тиісті медициналық көмекпен толықтай қамтылды.
Атырау облысындағы жарылыс: зардап шеккен 14 адамның қазіргі жағдайы белгілі болды
Фото: видеодан кадр
448
оқылды

Атырау облысының Құлсары қаласында бүгін сағат 18:45 шамасында газ-ауа қоспасы жарылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен 14 адамның қазіргі жағдайы туралы мәлімет берді.

«2025 жылғы 30 мамырдағы жағдай бойынша, Құлсарыдағы “Ниет” жанар-жағармай құю бекетіндегі өрттен зардап шеккен 14 адам шұғыл түрде Жылыой аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың өміріне қауіп жоқ», - делінген хабарламада.

Бастапқы медициналық тексеру мен тиісті диагностикадан соң 10 науқас ауруханаға жатқызылды. Төрт адам амбулаториялық бақылауда. Қазіргі жағдайда ауыр реанимациялық науқас жоқ.

Ауруханаға жатқызылған 7 науқастың жағдайы — орташа ауыр, 3 пациенттікі — тұрақты.

Зардап шеккендер тиісті медициналық көмекпен толықтай қамтылды. 

Аймақ басшысының тапсырмасы бойынша, Жылыой аудандық орталық ауруханасына Атыраудан мамандар мен медицина қызметкерлері қосымша көмекке жіберілді, олардың қатарында күйік орталығының дәрігерлері де бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.