Жартылай финалында қырғыз боксшысын жеңді.
Төрехан Сабырхан Таиландта өзбек боксшысымен кездеседі
Фото: YouTube
336
оқылды

Боксшы Төрехан Сабырхан Таиландта өтіп жатқан халықаралық турнирдің финалына өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

70 келіге дейінгі салмақтағы боксшылар арасындағы жартылай финалдық жекпе-жекте боксшымыз қырғыз былғары қолғап шебері Ихтиор Нишоновпен жұдырықтасып, оны сенімді түрде жеңді.

Осылайша Төрехан Сабырхан финалға жолдама алды.

Енді ақтық сында өзбекстандық Мұхаммадазизбек Исмойловпен кездеседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.