Айтулы іс-шараға құрметті меймандардан Италия Министрлер кеңесінің төрағасы Джорджа Мелони, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қатысып жатыр.
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Италия премьер-министрі Джорджа Мелониді қарсы алды.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италия Министрлер кеңесінің төрағасы Джорджа Мелони келіссөздер қорытындысы бойынша стратегиялық серіктестікті кеңейту жөнінде Бірлескен мәлімдеме қабылдап, бірқатар құжатқа қол қойды.