«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Жетісу облысы Көксу ауданы Мұсабек елді мекенде жаңа мәдени клуб ашылды. 150 адамға арналған нысан заманауи жабдықтармен қамтылған, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
«AMANAT» партиясы Көксу аудандық филиалының төрағасы Мәлік Бейсеновтің айтуынша, бұл оқиға – ауылдық жерлерді дамыту бағытында жасалған маңызды қадам.
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту мәселесі негізгі басымдықтардың бірі ретінде белгіленген. Бұл ретте, мәдени инфрақұрылымды жаңғырту – елді мекендерде әлеуметтік-рухани орта қалыптастыру үшін аса маңызды. Мұсабек ауылындағы жаңа клуб – осы бағыттағы жүйелі жұмыстың айғағы. Бұл – партияның уәдесін іске асыру жолындағы нақты қадам», – деді ол.