Қызмет 2026 жылдың 31 наурызына дейін пилоттық режимде жұмыс істейді. Жоба тиімділігін дәлелдесе, кейін бүкіл елде тұрақты негізде енгізілуі мүмкін.
Қазақстанда жеке куәлікті онлайн жаңартуға болады
235
оқылды

Ішкі істер министрлігі мен Цифрлық даму министрлігінің бірлескен бұйрығымен жеке куәлікті онлайн жаңартуға арналған жаңа қызмет іске қосылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

 

Бұл – мемқызметтерді цифрландыруға бағытталған пилоттық жоба.

Қызмет қашан қолжетімді?

Жаңа куәлікті онлайн тапсырыс беруге екі жағдайда рұқсат етіледі:

  1. Құжаттың жарамдылық мерзімі аяқталуына 30 күннен аз уақыт қалса;

  2. Жарамдылық мерзімі 10 күннен аспайтын уақыт бұрын өтіп кетсе.

Қалай өтінім беруге болады?

  1. eGov.kz порталына немесе eGov Mobile қосымшасына кіріңіз;

  2. Өтініш формасын толтырыңыз және ЭЦҚ-мен қол қойыңыз;

  3. Сайт  талап ететін форматта өз фотосуретіңізді жүктеңіз;

  4. Жүйе тіркеу деректерін және фотосуреттің сапасын автоматты түрде тексереді;

  5. Мемлекеттік бажды онлайн төлеңіз;

  6. Өтінім мақұлданған соң, дайын құжатты ең жақын ХҚКО-дан барып аласыз.

Пилоттық мерзім

 

Қызмет 2026 жылдың 31 наурызына дейін пилоттық режимде жұмыс істейді. Жоба тиімділігін дәлелдесе, кейін бүкіл елде тұрақты негізде енгізілуі мүмкін.