Ильзат Ақчурин 2024 жылдан бері «Almaty» телерадиокомпаниясы» АҚ бас директорының орынбасары болып қызмет еткен.
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне басшы  тағайындалды
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
1,313
оқылды

Алматы қаласы әкімінің коммуникация және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жөніндегі кеңесшісі қызметіне Ильзат Акчурин тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ильзат Акчурин 2024 жылдан бері «Almaty» телерадиокомпаниясы» АҚ бас директорының орынбасары болып қызмет еткен.

Ақпарат саласындағы 15 жылдық еңбек жолын жаңалықтар бөлімінде тілші ретінде бастаған ол тележүргізуші, Астанадағы тілшілер қосынында сараптамалық бағдарламалар бөлімінің басшысы, шығарушы редактор, бас редактордың орынбасары сияқты жауапты қызметтерді атқарды. Бұдан соң «Almaty» телерадиокомпаниясының ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар департаментінің директоры – бас редакторы лауазымын иеленді.

Сонымен қатар Ильзат Акчурин «Таң» және «СТВ» телеарналарында да еңбек еткен.