Белгілі кәсіпкер Тұрсын Алагөзов өзі басшылық ететін компанияның 100 қызметкеріне Алматы қаласынан пәтер сыйлаған еді.
«Тұрсын әлі аң-таң болып отыр»: Баян Алагөзова күйеуіне қолдау білдірген көпшілікке алғыс айтты
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy
2,733
оқылды

Продюсер Баян Алагөзова күйеуі, кәсіпкер Тұрсын Алагөзовке қолдау білдіріп жатқан көпшілікке алғыс айтты,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол күйеуінің қоластындағы 100 қызметкерге баспана сыйлағаны қоғамда қызу талқыға түседі деп күтпегенін жеткізді.

«Ол әдеттегідей жасырын істеймін деп ойлаған еді. Алайда мен бұл игі істі өзге кәсіпкерлер жалғастырса деген ниетпен жариялау қажет екенін айттым. Қоғам бұлай қолдау білдіреді деп ойламадық. Тұрсын әлі аң-таң болып отыр. "Мен тек мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, міндетімді атқардым" дейді. Баршаңызға алғысымды білдіргім келеді»,  деді продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.