Талдықорғандағы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Полаттың өлімі бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Cот отырысында жәбірленуші тараптың қорғаушылары сотталушылардан жәбірленушілердің пайдасына моральдық және материалдық шығын өндіру туралы өтініш берді.
«1. Нұрымов Қаржаубайдың пайдасына ұлының жерлеу рәсіміне жұмсалған шығынның өтеуі ретінде Абзал Шынасылдан 2 млн 794 мың теңге материалдық шығын өндіруді;
2. Нұрымов Қаржаубай Полатұлының пайдасына моральдық өтемақы ретінде Шынасыл Абзал Нұрғалиұлынан және Сакиев Равиль Магомедовичтен 50 млн теңгеден, жалпы сомасы 100 млн теңге өндіруді;
3. Бишембаева Гүлбараның пайдасына моральдық өтемақы ретінде Шынасыл Абзал Нұрғалиұлынан және Сакиев Равиль Магомедовичтен 50 млн теңгеден, жалпы сомасы 100 млн теңге өндіруді;
4. Қадырова Жұмабикенің пайдасына моральдық өтемақы ретінде Шынасыл Абзал Нұрғалиұлынан және Сакиев Равиль Магомедовичтен 50 млн теңгеден, жалпы сомасы 100 млн теңге өндіруді;
5. Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына моральдық өтемақы ретінде Белғожаев Шыңғыс, Әскентай Дархан, Ілиясов Нұрқияс, Тоқтаубаев Азамат, Тоқтаубаев Нұрбол және Қалиахмет Дидардан 20 млн теңгеден, жалпы сомасы 120 млн теңге өндіруді;
6. Бишембаева Гүлбараның пайдасына моральдық өтемақы ретінде Белғожаев Шыңғыс, Әскентай Дархан, Ілиясов Нұрқияс, Тоқтаубаев Азамат, Тоқтаубаев Нұрбол және Қалиахметов Дидардан 20 млн теңгеден, жалпы сомасы 120 млн теңге өндіруді;
7. Қадырова Жұмабикенің пайдасына моральдық өтемақы ретінде Белғожаев Шыңғыс, Әскентай Дархан, Ілиясов Нұрқияс, Тоқтаубаев Азамат, Тоқтаубаев Нұрбол және Қалиахметов Дидардан 20 млн теңгеден, жалпы сомасы 120 млн теңге өндіруді сұраймыз», – деді жәбірленушілердің адвокаты.
Жәбірленуші тарап сұраған материалдық және моральдық шығынның жалпы сомасы 662 794 мың теңге болды.
– Моральдық зиян, яғни, жан азабын шеккендігі психолог зерттеуі қорытындысымен негізделді, – деді адвокат Мейрман Шекеев.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.