Орал қаласының маңындағы Жаңа өмір (бұрынғы Шаған) ауылында әйелін өлтірген ер адам қамауға алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
28 мамыр күні әлеуметтік желіде ер адам өз әйелін пышақтап тастағаны туралы ақпарат тарады. Әйел адам жедел жәрдем келгенге дейін жан тапсырған.
Аталған фактіні БҚО Полиция департаменті өкілдері растады.
– Болған оқиға бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ер адам қамауға алынды. Алдын ала болжам бойынша ол әйелін қызғанып, осындай қадамға барған, – деді БҚО ПД баспасөз қызметі.
Теректі ауданының әкімі Әлия Мұхамбетжанованың айтуынша, әйел небәрі 22 жаста болған.
– Күйеуі 1993 жылғы, әйелі 2003 жылы дүниеге келген. Әйелдің артында үш баласы қалды, – деді Теректі ауданының әкімі Әлия Мұхамбетжанова.
Жанат ҚАЙЫРҒОЖИНА, Батыс Қазақстан облысы
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.