Желі қолданушысы өз пікірінде отбасылық ынтымақтастыққа да тоқталып, «отбасын құруда тек еркек емес, әйел адам да 50/50 рөл атқарады» деген ойын жазды.
«Ер-азаматқа деген құрметі керемет адам»: желіде Баян Алагөзова жайлы жағымды ақпарат тарады
3,764
оқылды

Еркебұлан Хан атты Facebook қолданушысы өз пікірін жазып, өнер адамдарының мінезі мен отбасылық жауапкершілігін жоғары бағалады. Ол алдымен  Баян Мақсатқызының жан-жақты екенін, адамгершілік қасиетін атап өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Баян Мақсатқызы жақсы адам ол… Психологиялық картинасын асықпай байқап жүрмін… “Мен нағыз қазақи келінмін” деген келіншектеріңнен көш ілгері… Қазақилығы да, адамшылығы да, күйеуге, ер-азаматқа деген құрметі де керемет адам», — деп жазды Еркебұлан Хан. Ол Баянмен достық қана емес, шынайы бауырмалдық қатынас орнатуға болатындығын да ерекше атап көрсетті.

Өз пікірінде ол отбасылық ынтымақтастыққа да тоқталып, «отбасын құруда тек еркек емес, әйел адам да 50/50 рөл атқарады» деген ойын жазды. Сондай-ақ, Еркебұлан Хан өнер иелерінің жұбайы да әлеуметтік жауапкершілік танытып жатқанын мақтады:

«Баянның күйеуі 100 пәтер кілтін қарапайым жұмысшыларына сыйлап, потолок қойды! Дұрыс… Әлеуметтік жауапкершілік дейді ондайды… Әйелдердің талайы шет ел асырып жіберер тұста, Баян қолдады… Пәтерлері баянды болсын! Әр азаматқа осындай сыйды жасай беру жұғысты болсын!»

Осылайша, желі қолданушысы қазіргі қоғамдағы дара тұлғалар мен әлеуметтік жауапкершіліктің маңыздылығын, сондай-ақ ізеттілік пен адамгершілік құндылықтарын насихаттап, оқырмандарын жағымды өзгерістерге шақырды.