Бейнежазба астында желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды. Олардың ішінде Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова да бар.
Қарақат Әбілдина: «Қыдырәлі қонақтан келсе де, тамақ сұрайды»
1,520
оқылды

Әнші Instagram-дағы парақшасына қысқа бейнеролик жүктеп, онда былай дейді:

«Шынайы өмірдің бір сәтін сіздерге де көрсетейін дедім. Әзір ғана тойдан келдік. Оның да қандай той болғанын айтсаңыздаршы! Жаңаарқаның бес елі қазы-телшігі мен бал қымызы – Ботақан апамның берекелі дастарқаны тамаша өтті. Бірақ біздің үйдің отағасы қонақтан келсе де міндетті түрде тамақ сұрайды. Үнемі осылай. Сіздерде де сондай ма?»

Бейнежазба астында желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды. Олардың ішінде Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова да бар:

«Бізде де дәл солай. Тойда Нұрекең ештеңе жемей отырады да, үйге келе сала “шыж-быж жасап бер, шай ішейік” дейді».

Ал Тоқтар Серіковтің жұбайы ұқсас жағдайды былай сипаттады:

«Бізде бар. Тойдан келе сала “шəәәәй” деп бастайды».

Көпшілік «Ас болсын, аға!» деп тілектестік білдіріп, әншінің отбасы дәстүрін жылы қабылдады.