Оның сөзінше, оған талай рет көмектескен Әділет есімді жігіт қазір үлкен мейрамхана ашқан.
«Аяғымнан тік тұруға көмектесті»: Әділет есімді жігітке Мөлдір Әуелбекова алғыс айтты
5,822
оқылды

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова өткен шақтағы ең ауыр кезеңдерін еске алып, жанкешті қадамға баруға шақ қалғанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әнші Instagram-дағы парақшасында бірнеше жыл бұрынғы күйзелісін баяндады.

«Баршаңызға сәлем! Бүгін бір маңызды жайтты айтқым келіп тұр. Бірнеше жыл бұрын қатты күйзеліске түсіп, тіпті суицидке ойланған кезім болды. Ол кезде “Momsky” әлемінде жүргендер менің хикаямның бір шетін біледі. Сол қиын сәтте інім Әділет маған қолдау көрсетті. “Әділет, қатты қиналып жүрмін” деген сөзімді жерде қалдырмай, барлық той-концерттеріне қосып, қайта аяғымнан тік тұруыма себепкер болды», – деді ол.

Мөлдірдің айтуынша, сол кезеңде Әділет:

«Әпке, мен болашақта өзімнің мейрамханамды ашамын, сізді міндетті түрде шақырамын», – деп уәде берген.

Уәдесінде тұрған бауыры бүгінде жеке мейрамханасының есігін айқара ашты.

«Әділет, жаңа бастамаң құтты болсын! Қиналғанда жанымнан табылып, қолдау білдіргенің үшін үлкен алғыс айтамын», – деп түйіндеді сөзін өнер иесі.