Синоптиктердің болжамы бойынша, қар мен нөсер жаңбыр елімізге қайта оралады.
Қар аралас жаңбыр жауады: 27 мамырдағы ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
5,808
оқылды

Қазгидромет 27 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, қар мен нөсер жаңбыр елімізге қайта оралады. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республикамыздың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен ауа райының құбылмалы болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), еліміздің шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстік-шығыста нөсер жаңбыр жауады. Республикамыз бойынша ортақ табиғи құбылысқа желдің күшеюі жатады. Еліміздің батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында түнде және таңертең тұман болады.

Сондай-ақ, күндіз Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында соққан желдің екпіні 30 м/с және одан да асады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының шығысында, Қарағанды облысының шығысында, Абай облысының батысында, солтүстігінде, Ақмола, Қостанай облыстарының шығысында топырақ беті қатып, 1-2°С суық болады, үсік жүреді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.