Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Равиль Шырдабаевқа «Отан» орденін, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Тоқпановқа I дәрежелі «Барыс» орденін салтанатты түрде табыстады.
Мемлекеттік наградалар тапсырды
160
оқылды

Іс-шарада сөйлеген сөзінде Президент хал­қы­мыз Равиль Шырдабаевты егемендік жыл­да­­рынан бастап елдік істерге белсене қатысқан әрі мемлекеттігімізді нығайтуға зор үлес қосқан аза­мат деп айрықша құрметтейтінін айтты.

– Әсіресе, мұнай-газ саласын өркендетуге мол еңбек сіңірдіңіз. Сіздің бастамаңызбен бұл са­ла жаңа кезеңге қадам басты деуге болады. Ми­­нистр, облыс әкімі, депутат ретінде ұлт мүд­де­сіне адал қызмет еттіңіз. Дипломатия сала­сын­да жұмыс істеп, еліміздің халықаралық бе­­­­делін ны­ғайтуға атсалыстыңыз. Сондай-ақ сіз – мұнай өн­дірісіне арналған бірнеше ғылы­ми еңбектің ав­торысыз. Халқымыз «Еңбегімен ер сыйлы» де­ген. Сіздің ерен еңбегіңіз – өске­лең буын үшін үлгі-өнеге, – деді Мемлекет бас­шысы.

Сонымен қатар Президент білікті дәрігер, «ал­тын қолды хирург» ретінде Серік Тоқ­панов­тың саналы ғұмырын ұлт саулығы үшін еңбек ету­ге арнағанына тоқталды.

– Денсаулық сақтау жүйесінде елу жылдан ас­там уақыт бойы қызмет етіп келесіз. Дәрігер бо­лу – мамандыққа адал болу деген сөз. Бұл – жү­­гі ауыр, күрделі жұмыс. Сіз еңбек жолыңызда аса күрделі оталар жасап, мыңдаған адамның өмі­рін сақтап қалдыңыз. Нағыз жанашыр дәрі­гер болдыңыз. Қазақстанның медицина ғылы­мын да­мытуға орасан зор үлес қостыңыз. Сіз­­дер­­ге бе­рілетін бүгінгі жоғары мемлекеттік ма­р­а­­пат – ел игілігі үшін жасалған табанды ең­бектің лайықты жемісі. Бұл – жұртымыздың шы­найы ықыласы және зор алғысы, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Равиль Шырдабаев пен Серік Тоқпанов жоғары мемлекеттік марапаттарға лайық көр­гені үшін Президентке алғыс айтты.