Мемлекет басшысы Алматы қаласының жаңадан тағайындалған әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады.
Қала инфрақұрылымын жаңғырту маңызды
187
оқылды

Президентке қала әкімі алдағы жұмыстың ба­сым бағыттары, соның ішінде әлеуметтік-эко­номикалық даму, қала экологиясын оңалту жә­не шаһар тұрғындарының тұрмыс сапасын арт­тыру жөніндегі жоспары туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполисті да­мы­тудың негізгі міндеттерін айқындады. Атап айт­қанда, тұрақты экономикалық өсімді қам­тамасыз ету, экономиканы әртараптандыру, қа­ланың инфрақұрылымын кешенді түрде жаң­ғырту, сондай-ақ жол-көлік желісінің жағдайын жақ­сарту, экологиялық мәселелер-ді шешу сияқ­ты бірқатар нақты тапсырма берді.