Қайғылы оқиға 23 мамыр күні түнде, «Соңғы қоңырау» салтанатынан кейін болған.
Мектеп бітіру кешінде сыныптасын өлтірген оқушы қамауға алынды
Фото: istockphoto.com
1,117
оқылды

Алматы облысында мектеп бітіру кешінде сыныптасын өлтірген күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды Aikyn.kz  Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 23 мамыр күні түнде, «Соңғы қоңырау» салтанатынан кейін болған. 

Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебінің түлектері коттедж жалдап, кеш ұйымдастырған. Отырыс кезінде сыныптастар арасында жанжал туындаған. Ызаға булыққан оқушы сыныптасының сол жақ тұсына кәуап пісіретін шампур тығып алған. 

Марқұм оқиға орнында көз жұмды. 

Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлады. 

Ал кәмелетке толмаған жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Қазір қылмыстың барлық мән-жайы жан-жақты тергеліп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.