Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Президент Алматыда жол-көлік желісінің жағдайын жақсартуды тапсырды
Фото: Ақорда
524
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының жаңадан тағайындалған әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Президентке қала әкімі алдағы жұмыстың басым бағыттары, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық даму, қала экологиясын оңалту және шаһар тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру жөніндегі жоспары туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполисті дамытудың негізгі міндеттерін айқындады. Атап айтқанда, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру, қаланың инфрақұрылымын кешенді түрде жаңғырту, сондай-ақ жол-көлік желісінің жағдайын жақсарту, экологиялық мәселелерді шешу сияқты бірқатар нақты тапсырма берді.