Олар үйдің ішіндегі үш кәмелетке толмаған баланы қауіпсіз жерге шығарып, оларды көрпелерге орап, уақытша патрульдік көлікке орналастырған.
Полицейлер бүтін бір отбасын  өрттен құтқарды
Фото: polisia.kz
384
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бір отбасын  өрттен аман алып қалды. Оқиға 24 мамыр күні түнгі сағат 01:20 шамасында Астраханка ауылында болған деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция инспекторлары Ғабит Сабитов пен Руслан Қасымов түнгі патруль кезінде Пушкин көшесіндегі үйдің мұржасынан шыққан жалынды байқап, дереу әрекет етті. Олар үйдің ішіндегі үш кәмелетке толмаған баланы қауіпсіз жерге шығарып, оларды көрпелерге орап, уақытша патрульдік көлікке орналастырған.

Содан кейін полиция қызметкерлері үйдің шатырына көтеріліп, үй иесіне пештің мұржасындағы өрт ошағын сумен сөндіруге көмектесті. Белгілі болғандай, түн ортасында анасы түтіннің иісін сезіп, күйеуін оятқан. Ол су құйылған ыдыспен шатырға көтерілген кезде, полиция қызметкерлері келіп жетіп, жағдайды бақылауға алды.

Полиция қызметкерлерінің жедел және кәсіби әрекеттерінің арқасында отбасы мүшелері зардап шекпей, өрттің алдын алды. Оқиғадан кейін, инспекторлар республикалық маңызы бар Астана-Петропавл автожолында патрульдік қызметін жалғастырып, жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын болдырмау бойынша жұмыстарын жүргізді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.