Ведомствоның мәліметінше, ҚР Ұлттық статистикалық бюросымен бірлесіп, елдің 70 қаласының тұрғындарына 1414 қысқа нөмірі арқылы ауыл шаруашылығы халық санағына санақ қызметкері (сұхбаттасушы) болып орналасу жайлы ұсыныс жолданады.
Енді жұмыссыздар жұмысқа орналасады
249
оқылды

Министрлік тіркелген жұмыссыздар қатарынан өмірлік қиын жағдайға тап болған 300 азаматқа жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жөнінде SMS-хабарламалар жібермек, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ведомствоның мәліметінше, ҚР Ұлттық статистикалық бюросымен бірлесіп, елдің 70 қаласының тұрғындарына 1414 қысқа нөмірі арқылы ауыл шаруашылығы халық санағына санақ қызметкері (сұхбаттасушы) болып орналасу жайлы ұсыныс жолданады.

Ауыл шаруашылығы санағы екі кезеңде өтеді:

- 1-31 тамыз аралығында – арнайы интернет-порталда өзін-өзі толтыру форматы;

- 20 қыркүйек-20 қазан аралығында – санақ қызметкерлері жеке әңгімелесу әдісімен сауалнама жүргізеді.