Блогердің айтуынша, бастапқыда бұл шартты ашық айтып, болашақ жарымен солай келісімге келген.
Блогер Бота Миа: «Өмірімді ата-енеге қызмет көрсетумен өткізе алмаймын»
795
оқылды

Бота Миа есімімен танымал блогер Taboo бағдарламасына берген сұхбатында келіндік өмірге қатысты жеке пікірін бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты  Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Блогер Асқар есімді жігітке тұрмысқа шыққалы жатқан Бота Миа болашақ жарына алғаш танысқан сәтте-ақ ата-енесімен бірге тұра алмайтынын, жеке отбасы болып шығу керегін ашық айтқан. 

Блогердің айтуынша, бастапқыда бұл шартты ашық айтып, болашақ жарымен солай келісімге келген.

«Осыны ашық айтқым келеді. Мен Асқарға басында өмірімді ата-енеге қызмет көрсетіп өткізе алмайтынымды айттым. Кейін бірге тұрамыз деген жағдайда келіспеушіліктер болады дедім. Менің ойымша, отбасы құрылған соң олар жаңа отау құруы керек. Бөлек әлем болуы керек. Үйленген соң ата-енеме жиі барып тұрамын, түскеннен кейін бір ай сол үйде боламын. Бірақ өмірімді ата-енеге қызмет көрсетумен өткізе алмаймын», – деді Бота Миа. 

Бота Мианың бұл ойы айтылған сұхбаттың үзінділері әлеуметтік желіде кең талқыланып, қоғам пікірін екіге бөлді.

«Дұрыс айтқан, бастапқыда келісіп алған жөн», «Әр отбасына жеке кеңістік қажет», «Заманауи келінге еркіндік керек» десе, сынаушылардың пікірі «Қазақ келіні ата-енесін тастап кете алмайды», «Қартайғанда кім қарайды?», «Бұл – өзімшілдік», - деп жазды.