Журналист, қазір рухани ілімді зерттеп жүрген маман ретінде танымал регрессолог Жанат Бақыт өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында сүйінші жаңалығын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ол дүниеге ұл бала алып келгенін хабарлады.
"25.05.2025 жылы, сағат 09:09-да Жаратқанның қалауымен “Ғалам” есімді ұлымыз дүние есігін ашты", – деп жазды.
Жанаттың оқырмандары бұл жаңалығына қуанып, тілегін де арнап жатыр.
"Ғаламның қалауымен "Ғалам" келді ", "Рухты ұрпақ келді дүниеге", "Бауы берік болсын", "Анасы сияқты мықты бала болады", – деп пікір білдіруде желі қолданушылары.