Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желіде жазды.
«Астанадағы консерваторияда алғысхатқа жарымадық»: Майра Мұхамедқызы Қытайда профессор атанды
Фото: instagram.com/ mairaopera
796
оқылды

Опера әншісі Майра Мұхамедқызы Қытайдағы консерваторияның профессоры атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желіде жазды.  

«Құрметті достар! Сүйінші! 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні еліміздің мәдениет майталмандары марапатталып жатқанда Қытай Сиань консерваториясының профессоры атағымен марапатталдым. Бұл консерваторияда 6000 болашақ музыкант өз мамандығы бойынша оқиды. Консерваторияға түсу – сол адамның маңдайына қонатын бақ. Әсіресе, бұл білім ордасында профессор болу деген, енді сөзбен жеткізе алмаймын», - деді әнші. 

Майра Мұхамедқызы қаншама жыл еңбек еткен «Шабыт» ұлттық консерваториясына реніші бар екенін жасырмады. Сонымен қатар алдағы жоспары туралы айтты.

«Сонымен қатар 11 жыл бұрын Қырғыз ұлттық консерваториясының профессоры атанғам. Ал біздің Астанадағы "Шабыт" ұлттық консерваториясында қанша жыл жұмыс істеп, шәкірттерім халықаралық конкурстарда 1-орын алса да, бір жапырақ алғысхат беруге жарымаған. Бірақ шүкір! «Халықтың махаббатынан артық не керек?» деп жүре бердік. Мен енді Алла қаласа Сианьға жылына кем дегенде екі рет барып, мастер-класс беріп тұрамын. Ал әр сағаттың бағасын айтсам, біреулер депрессияға түсіп кетуі әбден мүмкін. Аллама мың шүкір! Абырой биігінен түсірмесін. Шымкент операмен біраз театрлар арасында меморандумға да отырдық. Жақсы күндер әлі алда. Шымкент операны әлемдік театр қатарына қосқаным, қосқам!», - деп жазды Майра Мұхамедқызы.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от @mairaopera

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.