Жасөспірімге таңдау еркіндігін беріп, өз шешімін қабылдауға мүмкіндік жасаңыз.
Жасөспірімге бастаған ісін соңына дейін жеткізуге қалай үйретуге болады?
istockphoto.com
1,304
оқылды

Жасөспірімдік кезең баланың жеке тұлға ретінде қалыптасатын, өмірге деген көзқарасы, құндылықтары анықталатын маңызды уақыт болып  саналады. Бұл шақта көптеген ата-ана баласының еркелігі мен «жалқаулығына» тап болады. Алайда психологтер мұндай мінез-құлықтың астарында физиологиялық, психологиялық себептер жатқанын айтады. Осы орайда Аikyn.kz сайты Doctorpiter порталында жарияланған  мақаланың қысқаша аудармасын ұсынады. 

Неліктен жасөспірімдер істерін аяқтамай тастап кетеді?

  • Өзін-өзі бағалаудың төмендігі. Қалыптасу кезеңінде сенімсіздік жиі кездеседі.

  • Жылдам нәтиже күтеді. Сабырсыздық пен эмоцияға берілгіштік оларды тез жалықтырады.

  • Сыртқы ортаның ықпалы. Достармен араласу бірінші орынға шығады.

  • Шаршау мен күйзеліс. Дене мен мидың дамуындағы теңгерімсіздік жүйке жүйесіне ауыртпалық түсіреді.

Психолог Валерий Гут ата-аналарға мынадай алты кеңес ұсынады:

  1. Серіктес болыңыз. Жасөспірімге таңдау еркіндігін беріп, өз шешімін қабылдауға мүмкіндік жасаңыз. Бұл оның жауапкершілігін арттырады.

  2. Материалдық марапатқа сүйенбеңіз. Ішкі мотивацияны дамыту маңызды. Тек сыйлық үшін әрекет ету балада тығырыққа тірелгенде әрекетсіздік тудырады.

  3. Себебін бірге анықтаңыз. Істі аяқтамау себептерімен ашық сөйлесіңіз. Ол қорқуы немесе нақты не істеу керегін білмеуі мүмкін.

  4. Жеке тәжірибеңізбен бөлісіңіз. Қателіктердің де өсуге көмектесетінін түсіндіріңіз. Қиындықтарды қалай еңсергеніңізді айтып беріңіз.

  5. Мақсатты бөлшектеңіз. Үлкен істі кішкентай қадамдарға бөліңіз. Әр кезең үшін мадақтап, оның қай қасиеті көмектескенін атап өтіңіз.

  6. Қызығушылығын қолдаңыз. Хобби — баланың өзіне сенімін нығайтатын, мотивация беретін қуат көзі. Оған уақыт пен көңіл бөлуге рұқсат етіңіз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз