Бұл туралы жергілікті Lada басылымы хабарлайды.
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, нәрестенің анасының кім екені әлі анықталған жоқ. Оны іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 5 мамырда таңертең сағат 9.30 шамасында өңірдегі Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылында жаңа туған нәресте табылды. Оны осы ауылдағы үйлердің бірінің терезесінің алдына тастап кеткен.
Кейін Бесшоқыда табылған нәрестенің қыз бала екені анықталды. «Ана мен бала» орталығындағы дәрігерлер оның денсаулығын жақсы деп бағалады.
Жергілікті құқық қорғау органдары осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.