Өрт қонақүйдің бірінші қабатында тұтанған. Алдын ала болжам бойынша, қылмыскер ізін жасыру үшін ғимаратты әдейі өртеген болуы мүмкін.
"24 мамыр күні сағат 04:14-те Paradise Villa қонақүйінің тіркеу бөлігінде өрт шықты. Жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыды. Сағат 04:29-да өрт толық сөндірілді, 35 адам эвакуацияланды", – деп хабарлады Жетісу облысы ТЖД.
Қазір күдікті ұсталып, кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.