8 жыл бұрын басталған жұмыс шекараның түбіне жеткенде тоқтап қалды. Ал оның зардабын жүргізушілер тартып келеді.
«Петропавл-Қорған» тасжолының құрылысы 2017 жылы басталған. Қазір 60 шақырымның тең жартысы аяқталды. Қалған қашықтығы ортасынан енді асты. Мына жерден Ресей шекарасына дейін 9 шақырым. Әзірге жүргізушілер осындай жолмен жүруге мәжбүр. Бұл аралық биыл тапсырылуы тиіс. Бұл жолға республикалық бюджеттен 10 млрд-қа жуық теңге бөлінді. Алайда алғашқы мердігер сотқа тартылып, жұмыс басқа компанияға берілді. Бірақ осы уақытта жол-құрылыс материалдары шарықтап, жоба құны шамамен 5 млрд теңгеге қымбаттап шыға келді.
Биыл өңірде жол жөндеу жұмыстарына 40 млрд теңге бөлінді. «Бұл 500 шақырымға жуық қашықтықты қамтуға мүмкіндік береді», – дейді мамандар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Солтүстік Қазақстан облысында «Петропавл-Қорған» бағытындағы жол құрылысы аяқталмай жатыр, – деп хабарлайды 24kz.
