Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен суға батып бара жатқан баланы құтқару кезінде көрсеткен батылдығы, жанқиярлығы үшін Қазақстан-Америка Еркін университетінің 2-курс студенті Ерасыл Омарханов «Суға батқандарды құтқары үшін» медалімен марапатталды.
Естеріңізге сала кетейік, оқиға 2025 жылдың 13 мамырында Ерасыл Омарханов Үлбі өзенінде суға батып бара жатқан баланы құтқарған кезде болған. Бала әпкесімен өзен жағасында серуендеп жүрген кезде, суға құлап кеткен, судың ағыс оны алып кете бастаған. Ерасыл дер кезінде қасында болып, баланы құтқарып қалды.
«Төтенше жағдайлар министрінің атынан көрсеткен ерлігі үшін алғыс айтамыз! Көмек қолын созу – нағыз құрметке лайық ең маңызды адами қасиет. Мұндай қимылға бәрі бірдей қабілетті емес. Біздің өңірде осындай батырлар бар екеніне қуаныштымын. Өскелең ұрпақтың лайықты үлгі алатын адамы бар!», – деді ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.