Өнер иесі бір жылға жуық уақытқа созылған істің әділ шешілгенін қалайтынын жеткізді.
«Ақнәр үшін әділдік!»: Ақбота-Нұр Абайқызы жантүршігерлік оқиға туралы айтты
Фото: instagram.com/akbotanurabaykyzy
5,218
оқылды

Әнші әрі актриса Ақбота-Нұр Абайқызы Алматыда қаза тапқан Ақнәр Хамиттің өліміне қатысты оқиғаға алаңдаушылық білдірді, – деп жазды Aikyn.kz. 

Өнер иесі бір жылға жуық уақытқа созылған істің әділ шешілгенін қалайтынын жеткізді.

“Ақнәрдің ғұмырының қасақана қорланып қиылғанын, Ақнәрді азаптау іс-әрекеттері камераға түскен ап-анық итеріп құлатқан жазбасы, қаншама көзге ұрып тұрған дәлелдердің жеткілікті болып тұрғанын көре тұра, істің неге 10 айға созылып, қылмыстылардың бостандықта жүргенін санамыз қорытпайды. Қандай қоғам мынау? Әділет қайда? Мәпелеп баққан, мәдениетті бір туар балалар осылай бассыз кеткен қатыгездердің қолынан өле берсе, болашақтан не хайыр?! Құрметті сот орындаушылар, заң тарапы сіздерден әділдік талап етеміз! Бұл 22 жастағы Ақнәрдің ғана емес, бүкіл елдің тағдыры! Ақнәр үшін әділдік!", – деп жазды ол.

Айта кетейік, осыдан бір жылға жуық уақыт бұрын Алматыда көз жұмған Ақнәр Хамиттің өлімі қоғамды дүр сілкіндірді. «Оны қасындағы қыздар азаптап өлтірді» деген анасы қызының мүрдесіндегі жарақаттарды көрсетті.

Айдың-күннің аманында өрімдей қызынан айырылған ана әділдік іздеп жүр.

Бойжеткен былтыр Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінің жетінші қабатынан құлап қаза тапқан. Қылмыстық іс өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабы бойынша қозғалған. Алайда «Денесінен азаптау іздерін көрдім» деген анасының күдігі басқа.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.