Тергеу жүргізіліп жатыр.
«Сыныптасы өлтірген»: Алматы облысында 11-сынып оқушысы көз жұмды
Фото: istockphoto.com
1,004
оқылды

Желідегі мәліметке сәйкес, қайтыс болған жасөспірім 11-сыныпта оқыған. Бұл туралы Kazinform агенттігі жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алматы облысының Полиция департаменті адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Полицияның мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған, ол – жәбірленушінің сыныптасы.

- Жасөспірімнің заңды өкілдері бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, полиция құзыреті шеңберінде шаралар қабылдау үшін Білім басқармасына тиісті ұсыныс енгізді. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады департаменттен.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.