Биыл ауқымды жоба жасалып, тасжол жаңғыртылатын болды. Ұзындығы 74 шақырым күрежол толық жаңғыртылады.
Республикалық маңыздағы тасжол Райымбек ауданын Алматымен жалғап тұр. Қазіргі таңда 15 шақырымы қалпына келтірілді. Қалған бөлігінде жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Жобаның жалпы құны 8 миллиард теңге. Келесі жылдың соңына дейін халық игілігіне тапсырылуы тиіс.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.