Жол көлік оқиғасы бүгін таңертең Алматыда Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысында болды.
Алматыда көлік апаты: екі қыз зардап шекті
Фото: zakon.kz
912
оқылды

Zakon.kz тілшісінің мәліметінше, Kia Rio автокөлігі Абай бойымен батыс бағытта келе жатқан. Байтұрсынов көшесі арқылы қиылыстан өтіп, көлік орталық аллеяға қарай бет алады, бірақ сол мезетте бордюрден шығып кетіп, бар жылдамдығымен бағдаршамның тірегіне соғылады.

Күшті соққыдан Kia Rio кері жол үстіне ұшып түсіп, бір қырына аунап түскен. Оқиға куәгерлері көмек көрсету үшін көлікке қарай жүгірді. 

Авто салонның ішінде екі қыз болған. Көмекке келген адамдар оларды көліктен шығарып, жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырды.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы апатқа ұшырағандарды жақын маңдағы ауруханаға жеткізді. Жүргізуші қыз ауыр жағдайда. Ол қауіпсіздік белдігін тақпағандықтан рөлге басын қатты ұрып алған. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.