Елордада вандализмге қарсы акция өтті.
Биыл Астанада вандализм бойынша 50-ден аса адам қамауға алынды
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
303
оқылды

Астанада жыл басынан бері вандализм бойынша 50-ден аса адам қамауға алынып,  80 тұрғын әкімшілік жауапқа тартылған. Қоғамдық орындарда тәртіп бұзғандардың жолын кесу мақсатында бас қала билігі вандалдарға қарсы күресті күшейтіп отыр. Тәртіп сақшылары, еріктілер мен белсенді жастар бастаған жұмыс тобы профилактикалық рейд жүргізді. Аялдамаларда сынған әйнек, қираған орындық, ретсіз орналастырылған жарнама парақтарын жиі көзіміз шалады. Демалыс орындардағы нысандарды қасақана қиратып, бүл­діріп жүретін бұзақыларға шектеу қою мәселесін Президент ұдайы айтып келеді. Бас қала билігі де вандализмге қарсы күресті назардан тыс қалдырмаған. Бұл жолы да "Заң және Тәртіп" қағидаты аясында "Тоқта, вандал!" акциясы ұйымдастырылып, азаматтарға үндеу айтылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.